Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 53 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 164 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7958 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 28-бабының 4-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 53 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5411 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 наурыздағы "Айна" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қ. Мыржақыпов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 164 қаулысына қосымша


  Әкімдіктің 2015 жылғы 23
ақпандағы № 53 қаулысына
қосымша

Шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін үй-жайлар


п/п

Елді мекеннің атауы

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін үй-жайлар

1.

Қарабалық кенті

"Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

2.

Сарыкөл ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сарыкөл негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3.

Тоғызақ ауылы

Тоғызақ ауылдық мәдениет үйі ғимаратында

4.

Белоглин ауылы

Белоглин ауылдық мәдениет үйі ғимаратында

5.

Станционное ауылы

Станционный ауылдық мәдениет үйі ғимаратында

6.

Новотроицк ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ново-Троицк орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7.

Победа ауылы

Победа ауылдық мәдениет үйі ғимаратында

8.

Бозкөл ауылы

Бозкөл ауылдық мәдениет үйі ғимаратында

9.

Михайлов ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Михайлов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10.

Приречный ауылы

Өрнек аулдық мәдениет үйі ғимаратында

11.

Лесное ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Есенкөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12.

Қособа ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қособа бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13.

Славенка ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Славян орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 

14.

Бөрлі ауылы

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бөрлі орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

15

Смирнов ауылы

Смирнов ауылдық мәдениет үйі ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады