"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, Станционный ауылдық округінің Станционный ауылы халқының пікірін ескере отырып облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде, Станционный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округі Станционный ауылында:
Совхозная көшесін Достық көшесіне;
Комсомольская көшесін Бірлік көшесіне қайта аталсын.
2. "Станционный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Станционный ауылдық округінің әкімі |
Д. Сұлтанов |