"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданы әкімінің міндетін атқарушысы |
Е. Балжақаев |
Әкімдіктің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 31 қаулысына қосымша |
Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қарасу ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін | 150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін | 4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |