Ушаков ауылдық округі Ушаков ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Ушаков ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 7701 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының, 4) тармақшысына сәйкес, Ушаков ауылының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссияның 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде Ушаков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ушаков ауылдық округінің Ушаков ауылында 60 лет Октября көшесі Достық көшесіне қайта аталсын.

      2. "Ушаков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Казақстан Республикасының заннамасында белгілеген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ушаков
ауылдық округінің әкімі
Ғ. Әбділдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады