Бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 240 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 7651 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 704-бабы 3-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қостанай аудандық
мәслихатының кезекті
сессиясының төрағасы
Д. Мирасов
      Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________________ Ж. Бисекеев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ М. Темирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады