Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округінің Буденновка ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 7601 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Буденный ауылдық округінің Буденновка ауылы халқының пікірін ескері отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Буденный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Буденный ауылдық округінің Буденновка ауылы Ленин көшесі Достық көшесіне қайта аталсын.

      2. "Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жургізү құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ә. Ержанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады