Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 119 "Науырзым ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 29 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 7661 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 119 "Науырзым ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі Т. Даиров

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитеті Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Науырзым аудандық қоғамдық Денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________________ А.Х. Аңсағаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады