Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 183 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Т. Жауғаштин |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
Сарыкөл ауданының Тағыл
ауылдық округінің әкімі
____________ С. Сүндеталин
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 153 шешіміне қосымша |
|
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 183 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылының тұрғындары үшін | 11 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Ермаковка ауылының тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Соналы ауылының тұрғындары үшін | 7 |