2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмінiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 181 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 шілдеде № 7931 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Сарыкөл ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Э. Кузенбаев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 29 маусым
№ 181 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Сарыкөл ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

ІI табиғи-климаттық аймақ (дала)

1

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан 2 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан 28 мамырға дейін

3

Жаздық арпа

15 мамырдан 5 маусымға дейін

4

Сұлы

15 мамырдан 5 маусымға дейін

5

Тары

20 мамырдан 5 маусымға дейін

6

Бұршақ

20 мамырдан 31 мамырға дейін

7

Рапс

20 мамырдан 28 мамырға дейін

8

Күнбағыс

5 мамырдан 18 мамырға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады