Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 01.04.2020 № 324 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 181 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ленинград ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | Д. Хайруллина |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
Сарыкөл ауданының
Ленинград ауылдық
округінің әкімі
___________ Р. Ерғалиев
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 176 шешіміне қосымша |
|
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 181 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Вишневка ауылының тұрғындары үшін | 1 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Қарашілік ауылының тұрғындары үшін | 3 |