Мәслихаттың 2014 жылғы 8 тамыздағы № 198 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 181 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 7940 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 358 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 04.09.2020 № 358 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 8 тамыздағы № 198 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5013 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қыркүйекте "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Бөлек жиынды ашудың алдында Златоуст ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      Сарыкөл ауданының

      Златоуст ауылдық

      округінің әкімі

      ___________ А. Қопобаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады