Аудан әкімиятының 2004 жылғы 14 маусымдағы № 86 "Таран ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 33 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 7535 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы әкімиятының 2004 жылғы 14 маусымдағы № 86 "Таран ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2988 тіркелген, 2004 жылғы 23 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Таран ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады