Таран ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімиятының 2004 жылғы 14 маусымдағы № 86 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 маусымда № 2988 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 29.01.2018 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-I "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын 13-бабына және Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 137 қаулысымен бекітілген, Қостанай облысы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың сәйкес Таран ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ұсынылып отырған тәртібі, қосымшаға сәйкес, бекітілсін.

      2. 2004 жылғы 22 сәуірдегі № 61 "Таран ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Таран ауданы әкімияты қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

      Аудан әкімі

  Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Таран ауданының әкімиятының
2004 жылғы 14 маусымдағы № 86
"Таран ауданы әкімияты
резервінің қаражатын
пайдаланудың тәртібін бекіту
туралы" қаулысына қосымша

Таран ауданы әкімияты
резервінің қаражатын пайдаланудың
Ережелері

      Таран ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың осы Ережелері (бұдан әрі Ережелер) Таран ауданы әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдаланудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде келесі түсініктер қолданылады:

      Таран ауданының әкімияты резерві - тиісті қаржы жылына аудандағы бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін Таран ауданы әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;

      көзделмеген шығыстар - ағымдағы қаржы жылына аудандық бюджетті құрау уақытында алдын-ала жоспарлау мүмкіндігі болмаған және ағымдағы қаржы жылына кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығыстар;

      Таран ауданы әкімиятының және атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Таран ауданының әкімияты резерві құрамындағы қаражат - Таран ауданы әкімиятының және сот шешімдері бойынша атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламаларының әкімгерлеріне бөлінетін және Таран ауданының әкімияты резерві құрамында көзделген қаражат.

      Таран ауданының әкімияты резервінің қаражатын алушы - аудандық бюджеттік бағдарламаларының әкімгері немесе аудан әкімияты.

      2. Таран ауданының әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көзделмеген шығыстарға келесі шаралар жатады:

      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою:

      төтенше жағдай туындау нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;

      зардап шеккендер үшін тұратын және ауқаттану уақытша орындарын өрістену және ұстау;

      жедел көмек көрсету апатты-құтқару және апатты-қайта құру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және саймандармен қосымша жабдықтау;

      төтенше жағдай аумағына тасымалдар, күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету;

      2) сот шешімдері бойынша Таран ауданы әкімиятының атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу.

      3) Таран ауданы әкімиятының қаулысымен белгіленетін басқа көзделмеген шығыстар.

2. Таран ауданы әкімияты резервінің
қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі

      3. Таран ауданы әкімияты резервінен қаражат бөлуді, бөлінетін қаражаттың көлемі және оларды пайдалану мақсаты, сондай-ақ қаражатты қайтару негізде бөлу жағдайында оларды ұсыну және қайтару мерзімінің шарттары көрсетілген, Таран ауданы әкімиятының қаулысы негізінде, заңнамамен белгіленген тәртіпте, бұл мақсаттарға қаржыландыруды ашу әдісімен тиісті қаржы жылына аудандық бюджет шығыстары мен несиелеу құрамында бекітілген шегінде "Таран аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.

      4. Таран ауданының әкімияты резервінің қаражаты қатаң мақсатта белгіленеді және осы Ережелермен және резервтен қаражат бөлу туралы Таран ауданы әкімиятының қаулысында көзделмеген қажеттіліктерге пайдаланылмайды.

      5. Таран ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Таран ауданы әкімиятының қаулысының дайындауда келесі шарттар ескеріледі:

      1) ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетте қаржының жоқтығы;

      2) Таран ауданының әкімияты резерві қаражатының қажеттілігі ағымдағы қаржы жылында туды және олардағы қажеттілік соттардың шешімдері бойынша Таран ауданы әкімиятының және атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларынан басқа алушының бұрынғы міндеттемелеріне байланысты емес.

      6. Таран ауданының әкімияты резервінен қаражат туралы Таран ауданы әкімияты қаулыларының, бір жыл өткенге дейін, Таран ауданы әкімиятының тиісті қаулылары негізінде күші жойылады.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда, Таран ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті жағдайлар аудандық комиссиясы қарастырады.

      8. Негіздейтін материалдарды ұсыну тәртібі және оларды тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссиясы белгілейді.

      9. Аумақтық және ғаламдық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болғанда байланысты аудан бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссиясы, заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша, Таран ауданы әкімиятының қарауына табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу туралы қаулы жобасын енгізеді.

      10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдардың резерві есебінен қаржыландырылады.

4. Сот шешімдері бойынша Таран ауданы әкімінің,
әкімиятының және атқарушы органдардың міндеттемелерін
өтеуге қаржы бөлу

      11. Сот шешімдері бойынша Таран ауданы әкімиятының және атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, сот атқару құжаттары болған жағдайда, Таран ауданы әкімияты резерві есебінен қамтамасыз етіледі.

      12. Таран ауданы әкімиятының міндеттемелерін өтеуге Таран ауданы әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Таран ауданы әкімиятының қаулы жобасын "Таран аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекеме, заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша, әзірлейді.

      13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге, Таран ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Таран ауданы әкімиятының қаулы жобасын жергілікті атқарушы орган заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша, әзірлейді.

5. Бақылау және есеп беру

      14. Таран ауданы әкімияты резервінен бөлінген қаражаты алушылар "Таран аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекеме белгілеген тәртіппен және мерзімде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.

      15. "Таран аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекеме ай сайын Таран ауданының әкіміне, Таран ауданының әкімияты резерві қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы, ақпарат береді.

      16. Алушы, Таран ауданының әкiмияты резервiнен бөлiнетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiп бойынша, жауап береді.

      17. Таран ауданы әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануына бақылау жасауды "Таран аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады