Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 7684 болып тіркелді. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 44 қаулысымен

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.03.2020 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекетік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.03.2020 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бейімбет Майлин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.03.2020 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.03.2020 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі Қ. Испергенов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 90 қаулысына қосымша

Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 03.03.2020 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін

150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады