Әкімдіктің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 "Таран ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 44 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 8998 болып тіркелді

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Таран ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысына (2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесінде "Таран ауданының әкімдігі" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының 1-тармағында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының 2-тармағында "Таран ауданы әкімдігінің" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады