Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 шілдеде № 7986 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының барлық мәтіні бойынша "Таран ауданының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 25.07.2022 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi бекітілсін.

      2. "Таран ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Испергенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      __________________ Б. Сейдахметов

      2018 жылғы 11 шілде

  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 шілдедегі
№ 203 қаулысына
қосымша

Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 25.07.2022 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

1

КР-TR-1

"Новоильиновка-Козыревка"

2

КР-TR-2

"Тобыл-Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка"

3

КР-TR-3

"Новоильиновка-Богородское"

4

КР-TR-4

"Новоильиновка-Мирное"

5

КР-TR-5

"Новоильиновка-Притобольское"

6

КР-TR-6

"Береговое-Нагорное"

7

КР-TR-7

"Юбилейное-Береговое"

8

КР-TR-8

"Красносельское-Журавлевка"

9

КР-TR-9

"Красносельское-Щербиновка"

10

КР-TR-10

"Тобыл-Приозерное"

11

КР-TR-11

"Новоильиновка-Увальное"

12

КР-TR-12

"Варваринка-Баталы"

13

КР-TR-13

"Әйет-Майлин"

14

КР-TR-14

"Әйет -Қызылжар"

15

КР-TR-15

"Тобыл- Әйет"

16

КР-TR-16

"Қайындыкөл-Смайыл"

17

КР-TR-17

"Елизаветинка-Юбилейное" ("Причал" туристік базасына кірме жол)

18

КР-TR-18

"Елизаветинка-Нагорное" ("Горняк" пансионатына кірме жол)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады