Тобыл кенті әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1 "Тобыл кентінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Тобыл кенті әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 12 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 8163 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Таран ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" Тобыл кенті әкімінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тобыл кенті әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1 "Тобыл кентінің көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-164 тіркелген, 2012 жылғы 5 шілдедегі "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы шешімнің 1-тармағының 3), 5), 7), 13), 19), 34), 35), 40) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "3) № 3 атаусыз көшесіне - Бейбітшілік көшесі;

      5) № 5 атаусыз көшесіне - Тәуелсіздік көшесі;

      7) № 7 атаусыз көшесіне - Достық көшесі;

      13) № 13 атаусыз көшесіне - Болашақ көшесі;

      19) № 19 атаусыз көшесіне - Бақыт көшесі;

      34) № 34 атаусыз көшесіне - Бірлік көшесі;

      35) № 35 атаусыз көшесіне - Самал көшесі;

      40) № 40 атаусыз тұйық көшесіне - Жеңіс көшесі;".

      2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тобыл кенті әкімінің міндетін атқарушы А. Есмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады