Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он есеге арттыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 205 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 маусымда № 7857 болып тіркелді

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі 704-бабының 3-тармағына, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Кезектен тыс сессия төрағасы И. Горбатенков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бараншина

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________________ Д. Бектабанов

      2018 жылғы "4" маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ұзынкөл ауданының жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      ________________ Н. Нестеренко

      2018 жылғы "4" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады