Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 115 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7968 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 19.06.2019 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесi, қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 42 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6285 болып тіркелген, 22 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абишев

      КЕЛІСІЛДІ

      Ұзынкөл аудандық

      мәслихатының хатшысы

      _____________ А. Бараншина

      2018 жылғы "21 " маусым

  Әкімдіктің
2018 жылғы 21 маусымдағы
№ 115 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесi.

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-денасқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      8) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      Білім беру саласындағы мамандардардың лауазымдары:

      9) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы;

      10) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      11) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы;

      12) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      13) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шағын жинақталған мектептің басшысының орынбасары;

      14) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      15) тәлімгер;

      16) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      17) педагог-психолог;

      18) қосымша білім беретін педаг;

      19) тәрбиелеуші;

      20) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      21) ұйымдастырушы, педагог;

      22) әлеуметтік педагог;

      23) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      24) мейірбике (мейіргер);

      25) емдәмдік мейірбике;

      26) концертмейстер (негізгі қызметтердің);

      27) хореограф (негізгі қызметтердің);

      28) логопед;

      29) психолог;

      30) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгеруші);

      31) кітапханашы.

      Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      32) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы;

      33) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      34) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      35) хормейстер;

      36) концертмейстр;

      37) кітапханашы;

      38) библиограф;

      39) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      40) аккомпаниатор;

      41) хореограф;

      42) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      43) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      44) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      45) музыкалық жетекші.

      Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

      46) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы;

      47) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      48) аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      49) жаттықтырушы;

      50) нұсқаушы-спортшы;

      51) әдіскер;

      52) (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

      Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:

      53) ветеринарлық дәрігер;

      54) ветеринарлық фельдшер.

      Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      55) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

      56) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімшенің басшысы, параклиникалық бөлімшенің (зертхананың) меңгерушісі;

      57) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      58) акушер;

      59) диеталық мейіргер;

      60) мейіргер;

      61) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      62) зертханашы (медициналық);

      63) провизор (фармацевт);

      64) психолог маман;

      65) рентген зертханашысы;

      66) әлеуметтік қызметкер;

      67) фельдшер;

      68) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      69) медициналық тіркеуші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады