Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 21.06.2018 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Қ. Сарсембаев |
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
_________________ В. Вербовой
2016 жылғы "17" наурыз
|
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) үйде қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) жұмыспен қамту орталығының маманы;
6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) жалпы білім беретін мектеп, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың, қосымша білім беру ұйымының директоры;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
4) алғашқы әскери даярлық басшысы;
5) жалпы білім беретін мектептердін, мектеп – интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың, оқу, оқу-өңдірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
6) барлық мамандықтар мұғалімдері;
7) тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім;
8) әлеуметтік педагог;
9) педагог-ұйымдастырушы;
10) кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);
11) қосымша білім педагогы;
12) педагог-психолог;
13) аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
14) музыкалық жетекшісі;
15) оқу орнының аға тәлімгері;
16) оқу-тәрбие, оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
17) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);
18) зертхана, кабинет меңгерушісі;
19) емдәм бикесі;
20) білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);
21) өндірістік оқыту шебері;
22) аға шебер;
23) медициналық персонал;
24) кітапханашы;
25) кітапхана меңгерушісі;
26) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы.
3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) директордың орынбасары;
3) хормейстер, концертмейстер;
4) барлық атаудағы техниктер;
5) кітапханашы, библиограф;
6) мәдени ұйымдастырушы;
7) аккомпаниатор;
8) көркемдік жетекші;
9) хореограф;
10) әдістемеші.
4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
қосымша білім беру ұйымының директоры;
білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (басшының) орынбасары;
медициналық персонал;
оқыту қызметімен тікелей айналысатын жөніндегі спорт жаттықтырушы оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
5) спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігері;
2) ветеринариялық фельдшер.