Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің Первомай ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 тамыздағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 тамызда № 8007 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Первомай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде, Первомай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің Первомай ауылында қайта аталсын:

      Ленин көшесі Достық көшесіне;

      Советская көшесі Солнечная көшесіне.

      2. "Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Первомай
ауылдық округінің әкімі
В. Орлянский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады