Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 117/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 5955 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрлігі Автомобиль жолдары
      Комитетінің төрағасы М.Қ. Пішембаев
      2018 жылғы "02" сәуір

  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы "30" наурыздағы
№ 117/3 қаулысына
қосымша

Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.12.2019 № 343/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Автожол индексі

Автомобиль жолының атауы

Автожолдың мекенжайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KS-1

Тереңкөл – Михайловка – Ресей Федерациясының шекарасы

0-108

108,0

2

KS-2

Окунев өткеліне кіреберіс жол

0-9

9,0

3

KS-3

Подстепка өткеліне кіреберіс жол

2,728-9,141

6,413

4

KS-4

Беловка – Қалқаман

0-61

61,0

5

KS-5

Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол

0-6,5

6,5

6

KS-6

Ақтоғай – Шолақсор

0-164

164,0

7

KS-7

Ертіс – Пятирыжск (өткел)

0-6,2

6,2

8

KS-8

Ертіс – Ертіс станциясы

0-67,1

67,1

9

KS-9

Панфилово – Бестөбе

0-79,3

79,3

10

KS-10

Ивановка – Трофимовка – Ресей Федерациясының шекарасы

0-95

95,0

11

KS-11

Шақат – Восточное – Шалдай

0-121,6

121,6

12

KS-12

Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол

0-2,5

2,5

13

KS-13

Окунев өткеліне кіреберіс

0-3,5

3,5

14

KS-14

Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты

0-149

149,0

15

KS-15

Павловка – Галицкое

0-40

40,0

16

KS-16

Екібастұз – ГРЭС-2

0-26,9

26,9

17

KS-17

Майқайың – Екібастұз

0-29

29,0

18

KS-18

Жаңа Жұлдыз – Петропавловка

0-35,004

35,004



Барлығы:


1010,017



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады