Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы "Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" № 117/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бакауов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Индустрия және инфрақұрылымдық | |
даму министрі | Б.Б. Атамқұлов |
2019 жылғы " 27 " қарашада |
Павлодар облысының әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсаны № 343/3 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 117/3 қаулысына қосымша |
Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының тізбесі
Р/с | Автожол индексі | Автомобиль жолының атауы | Автожолдың мекенжайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KS-1 | Тереңкөл – Михайловка – Ресей Федерациясының шекарасы | 0-108 | 108,0 |
2 | KS-2 | Окунев өткеліне кіреберіс жол | 0-9 | 9,0 |
3 | KS-3 | Подстепка өткеліне кіреберіс жол | 2,728-9,141 | 6,413 |
4 | KS-4 | Беловка – Қалқаман | 0-61 | 61,0 |
5 | KS-5 | Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол | 0-6,5 | 6,5 |
6 | KS-6 | Ақтоғай – Шолақсор | 0-164 | 164,0 |
7 | KS-7 | Ертіс – Пятирыжск (өткел) | 0-6,2 | 6,2 |
8 | KS-8 | Ертіс – Ертіс станциясы | 0-67,1 | 67,1 |
9 | KS-9 | Панфилово – Бестөбе | 0-79,3 | 79,3 |
10 | KS-10 | Ивановка – Трофимовка – Ресей Федерациясының шекарасы | 0-95 | 95,0 |
11 | KS-11 | Шақат – Восточное – Шалдай | 0-121,6 | 121,6 |
12 | KS-12 | Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол | 0-2,5 | 2,5 |
13 | KS-13 | Окунев өткеліне кіреберіс | 0-3,5 | 3,5 |
14 | KS-14 | Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты | 0-149 | 149,0 |
15 | KS-15 | Павловка – Галицкое | 0-40 | 40,0 |
16 | KS-16 | Екібастұз – ГРЭС-2 | 0-26,9 | 26,9 |
17 | KS-17 | Майқайың – Екібастұз | 0-29 | 29,0 |
18 | KS-18 | Жаңа Жұлдыз – Петропавловка | 0-35,004 | 35,004 |
Барлығы: | 1010,017 |