Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының келесі елді мекендері:
Сәтбаев ауылдық округінің "Теңдік" ауылы "Мұса Шорман" ауылы болып;
Сәтбаев ауылдық округінің "Қараащы" ауылы "Қаныш Сәтбаев" ауылы болып;
Жаңажол ауылдық округінің "Жаңажол" ауылы "Мәшһүр Жүсіп" ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы | Қ. Әбішев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |