Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 01 ақпандағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалаcы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6210 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 01 ақпандағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 1 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5859 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталлондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы К. С. Каримовке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Н. Ашимбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады