Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 5889 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның келесі көшелері:

      "50 лет Октября" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;

      "Бебеля" көшесі "Береке" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Академик Әлкей Марғұлан
      атындағы село әкімінің
      міндетін атқарушы М. Какожанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады