Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің кейбір көшелерін және өтпе жолдарын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 1-03/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 5876 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солнечный поселкесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссисияның қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің кейбір көшелері мен өтпе жолдары қайта аталсын:

      "Ауэзова" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесі;

      "Дружба" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;

      "Интернациональная" көшесі "Достық" көшесі;

      "Мира" көшесі "Абай" көшесі;

      "1" өтпе жолы "Қаныш Сәтбаев" өтпе жолы;

      "2" өтпе жолы "Береке" өтпе жолы;

      "3" өтпе жолы "Энергетик" өтпе жолы;

      "4" өтпе жолы "Өндіріс" өтпе жолы;

      "Зеленый" өтпе жолы "Тәуелсіздік" өтпе жолы болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солнечный поселкесі
      әкімінің міндетін атқарушы М. Алшимбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады