Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Ақтоғай ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 203/48 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 154/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 5836 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Ақтоғай ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 203/48 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4740 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазандағы аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағаларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Ж. Таскенов
      Мәслихат хатшысы Ж. Ш. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады