Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің 10.06.2019 № 1-03-02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің Жаңатілек ауылының аумағында ірі қара малдың арасында сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларын жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының Жаңатілек | |
ауылдық округінің әкімі | Б. Кәрібай |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Баянауыл ауданының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Н. Т. Дәулетов |
2018 жылғы "15" ақпан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы Ауыл | |
Шаруашылығы Министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Баянауыл | |
аудандық аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Р. Д. Нұрғалиев |
2018 жылғы "15" ақпан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы Денсаулық | |
сақтау министрлігі Қоғамдық | |
денсаулық сақтау комитеті | |
Павлодар облысы Қоғамдық | |
денсаулық сақтау департаментінің | |
Баянауыл аудандық қоғамдық | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесі | |
басшысының міндетін атқарушы | А. Р. Нәжмиден |
2018 жылғы "15" ақпан |