Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің "Ата-Қоныс" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 1-03-05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 қарашада № 6116 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 2-19/113 ұсынысы негізінде, Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің "Ата-Қоныс" шаруа қожалығының аумағында ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенін жүргізумен байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің "Ата-Қоныс" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-02 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5813 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қаңтарда "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Р. Р. Мукашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Баянауыл ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы А. С. Ынтыкбаев
      2018 жылғы "19" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы Министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Баянауыл
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Д. Нургалиев
      2018 жылғы "19" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Қоғамдық
      денсаулық сақтау комитеті
      Павлодар облысы қоғамдық
      денсаулық сақтау департаментінің
      Баянауыл аудандық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Е. Карибжанов
      2018 жылғы "19" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады