Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 228/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 6008 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 338/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 19.11.2019 № 338/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 4, 5-тармақтарына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтері белгіленсін:

      "Тереңкөл ауылы" бойынша 50 (елу) теңге көлемінде;

      "Тереңкөл ауылы - Ынталы ауылы" бойынша 80 (сексен) теңге көлемінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасарына А. Ә. Балғабаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов
      2018 жылғы "20" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады