Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 06.12.2019 № 4/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 3/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 10-тармағындағы 3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде тексерілу және емделу үшін уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, мүгедектік туралы анықтама, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау - анықтамасы қоса берумен жазған өтініш негізінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Ахменова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Баяндинов |