Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "2018 жылға арналған Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 2/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 қарашадағы № 2/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 6141 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "2018 жылға арналған Качир ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 2/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5818 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыпта және барлық мәтін бойынша "Качир ауданының", "Качир аудандық мәслихаты", "Качир аудандық мәслихатының" деген сөздер "Тереңкөл ауданының", "Тереңкөл аудандық мәслихаты", "Тереңкөл аудандық мәслихатының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Кауц
      Тереңкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады