Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 1-03/327 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 6176 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 26.06.2019 № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Аққу үні" - "Вести Акку" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының барлық мәтін бойынша "Лебяжі ауданының", "Лебяжі ауданы" деген сөздер "Аққулы ауданының", "Аққулы ауданы" деген сөздеріне ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Р. Смағұловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Әйткенов

  Аққулы ауданы
әкімдігінің 2018
жылғы "13" желтоқсандағы
№ 1-03/327 қаулысына
қосымша
  Лебяжі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "15" наурыздағы
№ 53/3 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Аққулы ауданы
бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

р/с №

Атауы

1.

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2.

Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады