Шектеу іс-шараларын тоқтату және Лебяжі ауданының Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 10 наурыздағы "Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 5864 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспектордың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-28/546 ұсынысы негізінде, Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Лебяжі ауданының Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 10 наурыздағы "Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5018 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 14 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызыләскер ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Т. Сейтов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрілігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Лебяжі
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Қ. Сағалов
      2018 жылғы "5" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады