Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 28/150 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 5874 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешiммен бекiтiлген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:

      9-тармақтың 10-1), 10-2), 10-3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "10-1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы көмек) алушылар ішіндегі азаматтар;

      10-2) атаулы көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер;

      10-3) атаулы көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар;";

      9-тармақ келесі мазмұндағы 10-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-5) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар";";

      10-тармақ келесі мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-7) 10-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыратын ұйымдардың тізімдері негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана төлемақысы сомасын өтеуге;";

      10-тармақтың 6-1), 7-1) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде (ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептерінің мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі конкурстан өтпеген түлектері) оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;";

      "7-1) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде (ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептерінің мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі конкурстан өтпеген түлектері) оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Левченко
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады