Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 17 қазандағы № 2-36/586 ұсынысы негізінде Шақат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі-қара мал бруцеллезі ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі Маралды ауылының келесі көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
"Степная" көшесі бойынша;
"Целинная" көшесі бойынша;
"Алтынсарин" көшесі: № 1/1, № 1/2, № 2/2, № 3/1, № 3/2, № 4/1, № 5, № 6/1, № 7/1, № 7/2, № 8/1, № 8/2, № 9/1, № 9/2, № 10/1, № 11/1, № 14/1, № 14/2, № 15/1, № 15/2, № 16/1, № 16/2, № 18/1, № 18/2, № 20/2, № 21/1, № 21/2, № 22/1, № 22/2 үйлер;
"Гагарин" көшесі: № 1/1, № 1/2, № 2/1, № 2/2, № 3/2, № 4/2, № 5/2, № 7/1, № 7/2, № 8/2, № 9/1, № 9/2, № 10/2 үйлер.
2. Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 3 қарашадағы "Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі Маралды ауылының кейбір көшелерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-08 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 23 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шақат ауылдық округінің әкімі | Б.Абиев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Павлодар аудандық | |
аумақтық инспекциясы | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ж. Курмангазин |
2018 жылғы "6" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасының | |
денсаулық сақтау Министрлігінің | |
Қоғамдық денсаулық сақтау | |
комитетінің Павлодар облысы | |
Қоғамдық денсаулық | |
сақтау департаментінің | |
Павлодар аудандық | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | С. Султангалиев |
2018 жылғы "6" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Павлодар ауданының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | А. Тлеуленов |
2018 жылғы "6" желтоқсан |