Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен ауданы бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы" № 107/23 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 172/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қыркүйекте № 6054 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен ауданы бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы" № 107/23 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5814 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Тауасқан
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады