Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 115/33 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 шілдедегі № 138/41 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 6022 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 115/33 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5816 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Жакупова
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады