Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чигиринов ауылдық округі Есілбай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чигиринов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданының Чигиринов ауылдық округі Есілбай ауылындағы "Школьная" көшесінің:
1-45 аралағындағы нөмірлі үйлер "Тәуелсіздік" көшесі;
46-75 аралағындағы нөмірлі үйлер "Мәңгілік ел" көшесі;
76-100 аралағындағы нөмірлі үйлер "Ынтымақ" көшесі;
101-148 аралағындағы нөмірлі үйлер "Әділет" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чигиринов ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Абельдинов |