Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 1/48 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 1454 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/372 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 16.09.2020 № 3/372 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1263 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      аталған қаулымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 1/48 қаулысына 1 қосымша
  Aлматы қаласы әкімдігінің
  2016 жылғы 15 ақпандағы
  № 1/51 қаулысымен бекітілген

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 96 бұйрығымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу не Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде мыналар негіз болып табылады:

      ІІ, ІІІ санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша, IV санаттағы объектілер үшін Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

      ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу үшін Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

      портал арқылы:

      ІІ, ІІІ санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, IV санаттағы объектілер үшін Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

      ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу үшін Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп, оның көшірмесіне белгі қойып, өтінімді қабылдағанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады:

      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде,

      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде,

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінімді одан әрі қараудан бас тарту бойынша дәлелді жауабына қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 15 (он бес) минуттан аспайды.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар ұсыну;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынуы;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкеріне жіберу;

      6) көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері; 

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар тізімін қабылдау күнін көрсетіп оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады:

      ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде,

      ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде,

      IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінім тіркелген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінішті одан әрі қараудан бас тарту бойынша дәлелді жауабына қол қойып және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне жібереді - 15 (он бес) минуттан аспайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, қайта ресімделген рұқсатты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 15 (он бес) минуттан аспайды.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбін сипаттау

      9. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау :

      1) 1 үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорация ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына парольді және логинді (авторизациялау үдерісі) енгізуі 1 (бір) минут ішінде;

      2) 2 үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының экранға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау нысанының шығуын таңдауы және Мемлекеттік корпорация операторының қызметті алушының деректерін енгізу 2 (екі) минут ішінде;

      3) 3 үдеріс –электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ), сонымен қатар бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды жолдау 2 (екі) минут ішінде;

      4) 1 шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру 1 (бір) минут ішінде;

      5) 4 үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру 2 (екі) минут ішінде;

      6) 5 үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының берілген қағаз нысандағы құжаттарының болуын және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерден өткізу туралы белгілеу бөліміндегі сұрау салу нысанын толтыруы және оны сұрау салу нысанына қосу мемлекеттік қызметті көрсету үшін толтырылған сұраудың нысанын (енгізілген мәліметтер) ЭЦҚ арқылы нысан формасына бекітілуін растау 30 минут ішінде;

      7) 6 үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - МДҚ АЖО) ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау 2 (екі) минут ішінде;

      8) 7 үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу 1 (бір) минут ішінде;

      9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелерге сәйкестігін тексеруі 2 (екі) минут ішінде;

      10) 8 үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұралған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру 2 (екі) минут ішінде;

      11) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат ) алуы 2 (екі) минут ішінде.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты және (немесе) сенім білдірген адамның өкілеттілігін растайтын құжатты ұсынған кезде (көрсетілетін қызметті алушының немесе сенім білдірген адамның жеке басын сәйкестендіру үшін) 15 (он бес) минут ішінде береді.

      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) порталда тіркеуді жүзеге асырады;

      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;

      3) 1–шарт – порталда логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

      4) 2–үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің дұрыс болмауына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;

      5) 3–үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраудың нысанына электрондық нұсқада қажетті құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізуі);

      6) 4–үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2–шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру мәліметтерін тексеру;

      8) 5 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы көмегімен қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7-үдеріс –электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да сұрау салуды өңдеу;

      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатты беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына мен негіздерге сай болуын тексеруі;

      12) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар) алуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатысатын ақпараттық жүйелердің фунционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1 қосымшасында келтірілген.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
  объектілер үшін қоршаған
  ортаға эмиссияға рұқсат беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызметі
  Регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі фунционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы





  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
  объектілер үшін қоршаған
  ортаға эмиссияға рұқсат беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызметі
  Регламентіне 2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





  Алматы қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 1/48 қаулысына 2 қосымша
  Aлматы қаласы әкімдігінің
  2016 жылғы 15 ақпандағы
  № 1/51 қаулысымен бекітілген

"ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 96 бұйрығымен бекітілген "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша "келісіледі/келісілмейді" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі кезінде мыналар негіз болып табылады:

      Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды алу үшін қағаз түріндегі өтініш;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде: Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қорытынды алу үшін электрондық құжат түріндегі сұраным;

      портал арқылы жүгіну кезінде: Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған қорытынды алу үшін электрондық құжат түріндегі сұраным.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны, олардың орындалуының ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп, оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын ІІ санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын II санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, III және IV санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      алдын ала сараптаманы - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы: ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қолын қояды және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді немесе 15 (он бес) минут ішінде алдын ала сараптаманың нәтижесін тексереді және өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабына қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді 5 ( бес) минут ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 5 (бес) минут ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар ұсыну;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;

      4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімі басшысының қолы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындауы;

      6) көрсетілетін қызметті беруші бөлімі басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынуы;

      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкеріне жіберу;

      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері; 

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсетіп оның көшірмесіне өтінімді қабылдау белгісімен растап, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсынады - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді 15 (он бес) минуттан артық емес;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын ІІ санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын II санаттағы объектілер үшін сұраным тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, III және IV санаттағы объектілер үшін қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын сұраным тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      алдын ала сараптаманы - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы: ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына қолын қояды және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді немесе 15 (он бес) минут ішінде алдын ала сараптаманың нәтижесін тексереді және өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабына қолын қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жібереді 5 ( бес) минут ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерi ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді - 5 (бес) минут ішінде.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбін сипаттау

      9. Әрбір рәсімінің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау :

      1) 1 үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорациядағы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына парольді және логинді (авторизациялау үдерісі) енгізуі (1 минут ішінде);

      2) 2 үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының экранға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау нысанының шығуын таңдауы және Мемлекеттік корпорация операторының қызметті алушының деректерін енгізу (2 минут ішінде);

      3) 3 үдеріс –электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ), сонымен қатар бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды жолдау;

      4) 1 шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру (1 минут ішінде);

      5) 4 үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 минут ішінде);

      6) 5 үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының берілген қағаз нысандағы құжаттарының болуын және қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерден өткізу туралы белгілеу бөліміндегі сұрау салу нысанын толтыруы және оны сұрау салу нысанына қосу мемлекеттік қызметті көрсету үшін толтырылған сұраудың нысанын (енгізілген мәліметтер) ЭЦҚ арқылы нысан формасына бекітілуін растау;

      7) 6 үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - МДҚ АЖО) ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) жолдау (2 минут ішінде);

      8) 7 үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;

      9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;

      10) 8 үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұралған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияның операторы арқылы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру) алуы.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты және (немесе) сенім білдірген адамның өкілеттілігін растайтын құжатты ұсынған кезде (көрсетілетін қызметті алушының немесе сенім білдірген адамның жеке басын сәйкестендіру үшін) 15 (он бес) минут ішінде береді.

      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) порталда тіркеуді жүзеге асырады;

      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;

      3) 1–шарт – порталда логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

      4) 2–үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің дұрыс болмауына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;

      5) 3–үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраудың нысанына электрондық нұсқада қажетті құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізуі);

      6) 4–үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2–шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру мәліметтерін тексеру;

      8) 5 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6 - үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы көмегімен қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7-үдеріс –электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да сұрау салуды өңдеу;

      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатты беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сай болуын тексеруі;

      12) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын) алуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатысатын ақпараттық жүйелердің фунционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1 қосымшасында келтірілген.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
  объектілер үшін мемлекеттік
  экологиялық сараптама
  қорытындысын беру"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызметі Регламентіне
  1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі фунционалдықөзара іс-қимыл диаграммасы





  "ІІ, ІІІ және IV санаттардағы
  объектілер үшін мемлекеттік
  экологиялық сараптама
  қорытындысын беру"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызметі Регламентіне
  2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады