Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1206 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға.";
аталған шешімнің қосымшасындағы:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Тегін жүруге арналған (Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің және оларға теңестiрiлген адамның, 75 жастан асқан зейнеткердің, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек баланың, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаның) жеңілдік берілетін электронды жол жүру картасы.".
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс XXVІІI сессиясының төрағасы |
Б. Садыков |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |