VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХІ сессиясының "Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХX сессиясының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 244 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 1493 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХІ сессиясының "Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 1405 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қолданылуы 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тоқтатылсын.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. А. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс XXX
сессиясының төрағасы
Б. Садықов
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады