Алматы қаласының шағын аудандарын қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/604 қаулысы және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XХХІX сессиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 301 шешімі. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 1522 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төмендегі шағын аудандарға:

      Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

      "Алғабас-1" шағын ауданы - "Нұркент" шағын ауданы;

      "Алғабас-2" шағын ауданы - "Ботакөз" шағын ауданы;

      "Алғабас-3" шағын ауданы - "Ақмаржан" шағын ауданы;

      "Алғабас-4" шағын ауданы - "Ғажайып" шағын ауданы;

      "Алғабас-5" шағын ауданы - "Дарабоз" шағын ауданы;

      "Алғабас-6" шағын ауданы - "Зерделі" шағын ауданы;

      "Заря востока" шағын ауданы - "Шапағат" шағын ауданы;

      "Құрылысшы" шағын ауданы - "Самғау" шағын ауданы;

      "Трудовик" шағын ауданы - "Томирис" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша:

      "Дубок" шағын ауданы - "Шабыт" шағын ауданы;

      "Дубок-2" шағын ауданы - "Атамекен" шағын ауданы;

      "Школьный" шағын ауданы - "Жазира" шағын ауданы;

      "Школьный-2" шағын ауданы - "Алмас" шағын ауданы;

      "Тепличный" шағын ауданы - "Қуаныш" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

      "Алатау" шағын ауданы - "Нұр Алатау" шағын ауданы;

      "Алмаарасан" шағын ауданы - "Архат" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:

      "Жайлау" шағын ауданы - "Ғаламат" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Бостандық, Медеу аудандары бойынша:

      "Ремизовка" шағын ауданы - "Асқартау" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша:

      "Дорожник" шағын ауданы - "Көкмайса" шағын ауданы;

      "Первомайский" шағын ауданы - "Кемел" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

      "Родник" бағбандық серіктестігінің шығысы мен "Қорғаушы-Защитник" бағбандық серіктестігінің оңтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Шарапат" шағын ауданы;

      "Горный садовод" бағбандық серіктестігінің солтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Алтын" шағын ауданы;

      "Бутаковка" шағын ауданы - "Мұзтау" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

      "Алатау" шағын ауданы - "Байтақ" шағын ауданы;

      "Каменка-3" шағын ауданы - "Мейрам" шағын ауданы;

      "Қарағайлы-2" шағын ауданы - "Дария" шағын ауданы;

      Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша:

      "Колхозшы" шағын ауданы - "Нұршашқан" шағын ауданы деп қайта атау берілсін.

      2. Алматы қаласы аудандарының әкімдері, "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы бірлескен қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е. Еркінбаевқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).

      5. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
ХХXІХ сессиясының төрағасы
С. Аманкелді
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады