Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.10.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген (2017 жылғы 17 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелді) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтері және көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы |
А.Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "23" қаңтардағы № 21 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтері және көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.07.2018 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
| Етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
| Тауарлы аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 37 000 | 370 000,0 |
2) | Қосымша норматив: | ||||
| 80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 8 000 | 14 000 | 112 000,0 |
| 60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 6 000 | 12 000 | 72 000,0 |
| Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 18 000 | 180 000,0 |
| Қосымша норматив: | ||||
2) | 80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 12 000 | 240 000,0 |
| 70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 4 000 | 60 000,0 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 2 000 | 300 000,0 |
| Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
| Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 16 000 | 160 000,0 |
2) | Қосымша норматив | ||||
| 70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 10 000 | 200 000,0 |
| 60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 5 000 | 75 000,0 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 1 000 | 170 000,0 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара малы | ||||
| Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен | бас | 150 000 | 500 | 75 000,0 |
3. | Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату: | ||||
1) | бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 37 500* | 25 000 | 937 500,0 |
2) | бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | тонна | 22 500* | 16 000 | 360 000,0 |
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | тонна | 15 000* | 6 000 | 90 000,0 |
| Мал шаруашылығы | ||||
1. | 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату: | ||||
1) | 400-ден 450 килограмға дейін | бас | 45 000 | 500 | 22 500,0 |
2) | 451-ден 500 килограмға дейін | бас | 60 000 | 400 | 24 000,0 |
3) | 501-ден 550 килограмға дейін | бас | 65 000 | 200 | 13 000,0 |
4) | 551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары | бас | 75 000 | 140 | 10 500,0 |
5) | ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | бас | 20 000 | 1 000 | 20 000,0 |
2. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5380 | 23000 | 123 740,0 |
3. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 300 | 30 000,0 |
| Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ ата -тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 600 | 50 000 | 30 000,0 |
2. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | тонна | 75 000* | 1 700 | 127 500,0 |
2) | Нақты өндірісі 20 тоннадан басталатын құс (суда жүзетін құс және бройлер) етін өндіру құнын арзандату | тонна | 40 000 | 300 | 12 000,0 |
| Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | |||||
1) | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 500 | 500 000 | 1 250 000,0 |
2) | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 200 | 80 000 | 176 000,0 |
3) | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | мың дана | 2 000 | 37 000 | 74 000,0 |
| Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | бас | 75 000 | 300 | 22 500,0 |
| Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 1 990 | 4 975,0 |
2) | тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 3 000 | 4 500,0 |
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
1) | тұсақтар | бас | 8 000 | 450 | 3 600,0 |
2) | тұқымдық қошқарлар | бас | 20 000 | 250 | 5 000,0 |
| Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 120 | 12 000,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 200 | 8 000,0 |
3. | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | тонна | 60 000 | 25 | 1 500,0 |
4. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | тонна | 92 000 | 21 | 1 932,0 |
Азық өндіру | |||||
| Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату | ||||
1. | сүтті мал шаруашылығы | бас | 94 800 | 13 650 | 1 294 020,0 |
2. | етті мал шаруашылығы | бас | 66 600 | 17 240 | 1 148 184,0 |
3. | шошқа шаруашылығы | бас | 7 500 | 400 | 3 000,0 |
4. | қой шаруашылығы | бас | 1 060 | 1 350 | 1 431,0 |
5. | жылқы шаруашылығы | бас | 1 585 | 1 000 | 1 585,0 |
| Жалпы облыс бойынша | 7 826 967,0 |
*- норматив 50%-ға ұлғайтылған