"Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 413 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 4593 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 10.06.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 413 қаулысына ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 желтоқсан жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3466 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат не мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.";

      мазмұны мынадай 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 90-бабының 6-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      көрсетілген регламенттің 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 болып тіркелді) бекітілген "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді, осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түріндегі облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және конкурс жеңімпазы арасындағы су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт не мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналардың:

      жарғының;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;

      * ескертпе: "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді тіркеу есебі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

      жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмелері;";

      мазмұны мынадай 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысымен бекітілген Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.";

      көрсетілген регламенттің 1-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы қаулыны мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 1), 2) және 3) тармақшаларда және осы тармақта қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облысының әкімі Қ.Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысына
  1-қосымша
  "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу
  сапасындағы жерасты суларының жеткілікті
  қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға
  байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға
  рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
  1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысына
  2-қосымша
  "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  регламентіне
  1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Орналасқан жері

Жұмыс кестесі

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

2

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

3

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Новоишим ауылы, Абылай Хан көшесі, 28

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

4

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 50

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

5

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

6

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 44

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

7

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

8

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

9

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Пресновка ауылы, Дружбы көшесі, 10

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

10

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

11

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

12

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

13

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Кішкенекөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 85

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

14

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады