Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2018 жылға арналған жер үсті көздеріндегісу ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 4664 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 569-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының 2018 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХ сессияның төрағасы,
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихаттың хатшысы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20/7 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр)

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге /1000 текше метр)

Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 текше метр)

Су энергетика (теңге /1000 киловат/сағат)

Су көлігі (теңге /1000 тонна/ километр)

Есіл өзенінің бассейні

118,58

328,52

93,31

93,31

33,05

9,72


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады