Мәдениет және демалыс саябағын қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 170 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 21/10 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 шілдеде № 4795 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Петропавл қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы деп қайта аталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемелері мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Басқарманың және Мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов
      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың
ХХІ сессиясының төрағасы
Б. Жалғасбаев
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады