"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018 - 2019 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 253 қаулысына қосымша |
2018 - 2019 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Оқу орындарының атауы | Сыныптама бойынша мамандық коды | Мамандық атауы | Біліктілік | Оқыту тілі |
Мемле-кеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны |
Оқу жылына мамандықтар бөлінісінде бір студентті оқытуға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмсалатын шығыстың орташа құны | Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері |
11-сынып базасында | ||||||||
1. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5B010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Білім беру бакалавры |
қазақ |
3 | 443 300 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
5B010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
Білім беру |
қазақ |
1 | 443 300 | |||
5В010500 | Дефектология | Білім беру бакалавры |
қазақ |
1 | 443 300 | |||
5В010600 | Музыкалық білім | Білім беру бакалавры | орыс | 2 | 443 300 | |||
5В011400 | Тарих |
Білім беру |
қазақ |
3 | 443 300 | |||
5В011700 | Қазақ тілі мен әдебиеті |
Білім беру | қазақ | 5 | 443 300 | |||
5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті |
Білім беру | орыс | 1 | 443 300 | |||
5В011900 |
Шетел тілі: екі |
Білім беру |
қазақ |
4 | 443 300 | |||
5В012500 | Химия-Биология |
Білім беру | қазақ | 6 | 443 300 | |||
5В012700 | Математика-Информатика |
Білім беру | қазақ | 3 | 443 300 | |||
5В011600 | География |
Білім беру |
қазақ |
2 | 443 300 | |||
5В080100 | Агрономия | Ауыл шаруашылығының бакалавры | қазақ | 7 | 635 800 | |||
5B080700 | Орман ресурстары және орман шаруашылығы | Ауыл шаруашылығының бакалавры |
қазақ |
3 | 635 800 | |||
5В130100 | Жалпы медицина |
Медицина |
қазақ |
10 | 609 000 | |||
Жиыны | 75 |