"Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 310 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қарашада № 4970 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 (2016 жылғы 04 шілде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 болып тіркелді) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – бюджеттік бағдарламаны жоспарлау, негіздеу, іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапты "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі – Басқарма)";

      5-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "30" қазандағы № 310 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының АӨК саласында инновациялық жобаны енгізу және тарату жөніндегі ШАРТ

      № ____ 20 жылғы "_____" ___________

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________________________ атынан ______________________________________ Ереженің негізінде әрекет ететін, __________________________________________________________________ бір тараптан және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын ______________ атынан ____________________ негiзiнде әрекет ететін _____________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, 20____ жылғы ___ ________ №____ өңірдің АӨК мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі жергiлiктi атқарушы органдағы уәкiлеттi органның шешiмiн және Комиссия отырысының 20____ жылғы _____________ №_____ хаттамасын басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгiзу және тарату жөніндегі осы Шартты жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. 159 "Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" өзгешелік 255.019.000 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес орындалатын Cолтүстік Қазақстан облысы АӨК саласындағы инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша жұмысты Тапсырыс берушi тапсырады, ал Орындаушы өзiне қабылдайды.

      Бағыты:________________________________________________________________

      Тақырыбы:_____________________________________________________________

      1.2. Орындаушы "_______________________________________" әзірлеген инновациялық жобаға сәйкес ______________________________________________________________ _________________________________________________________________ инновациялық жобасын тарату және енгізу бойынша мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайлардында қызмет көрсетуге мiндеттенеді:

      1) _________________________________________________________

      2) _________________________________________________________ 

      3) _________________________________________________________

      1.3. Орындаушының қызмет көрсету мерзiмі 201_____ жылдың ішінде.

      1.4. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады:

      1) осы Шарт;

      2) Көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі (Осы Шарттың № 1 қосымшасы)

      1.5. Тапсырыс берушi мен Орындаушының арасында Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейiн қызмет көрсетілген болып саналады.

2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ БІЛІКТІЛІК БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

      2.1. Жұмыстың бағыты:

      2.2. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалық):

      2.3. Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-де қолданылатын саласы:

      2.4. Енгiзу мен таратудың түпкілікті нақты нәтижесі:

      2.5. Енгiзу мен таратудың экономикалық тиімділігі.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      3.1. Орындаушы:

      1) ______________________________________________________________________ инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті сапада қызмет көрсетуге;

      2) осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетілген мерзімде қызметті толық көлемде көрсетуге;

      3) егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Шарттың талаптарынан ауытқыса, анықталған барлық кемшiлiктерді Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге;

      4) Орындаушы 1.3-тармақта көрсетілген мерзімге дейін тапсырыс берушіге атқарылған жұмыстар туралы толық қорытынды есеп беруге міндетті.

      3.2. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушы атқаратын жұмыстың барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге.

      2) Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылғанға дейін Тапсырыс берушінің Шартты орындаудан бас тартуы туралы жазбаша хабарламаны алғанға дейін Орындаушыға көрсетілген қызметтердің бір бөлігіне тең белгіленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) инновациялық жобаны енгізу және таратумен байланысты жұмыстарды атқару үшін өндірістік объектілер мен басқа да объектілерге еркін қол жетімділікті Орындаушының қызметкеріне беруге;

      2) инновациялық жобаны енгізу және таратумен байланысты жұмыстарды жүргізуде жәрдем көрсетуге;

      3) инновациялық жобаны енгізу және таратумен байланысты жұмыстарды Орындаушымен әзірленген технологияға сәйкес қатаң түрде атқаруға міндетті.

4. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ

      4.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығындардың құнын қоса есептегенде _____________ теңге (жазбаша).

      4.2. Тапсырыс беруші Орындаушы көрсеткен қызметтерге мынадай тәртіппен еңбек ақы төлейді:

      Осы Шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Тапсырыс беруші Шарт сомасынан 30% алдын ала төлем жасайды.

      Тараптармен орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтзбелік күннен кешіктірмей, бұдан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстап қалу есебімен факт бойынша Жеткізушінің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен Тапсырыс берушімен қалған сома төленеді.

      4.3. Қаржыландыру көзі: Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті бюджеті.

      4.4. Орындаушы және бірге орындаушылар өздерінде тиісті бухгалтерлік есеп жүргізуді және орындалған жұмыстың кезеңдері бойынша нақты құнына талдау жасауды қамтамасыз етуге міндетті.

5. ЖҰМЫСТЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

      5.1. Орындаушы бекітілген Өңірдің АӨК саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына сәйкес ғылыми-техникалық және Инновациялық жобаны (ларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау кезеңдерінде Орындаушы ресімдеуге және тапсыруға тиіс өзге де құжаттаманы бере отырып, Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы тоқсан сайынғы аралық есеп беруге міндетті.

      5.2. Орындаушы Тапсырыс берушіге инновациялық жобаны тарату және енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы жылдық қорытынды есепті осы Шарт орындалып біткеннен кейін ___________ жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей беруге міндетті.

      5.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге ___________ жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей, орындалған жұмыстардың актісін береді.

      5.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, Тапсырыс беруші мерзімінен бұрын жұмыстарды қабылдауға және жұмыстың ақысын төлеуге құқылы.

      5.5. Егер жұмысты орындау барысында кері нәтиже алынатындығы немесе жұмыстарды одан әрі жүргізуді жалғастыру орынсыз екені анықталса, Орындаушы жұмысты тоқтатқаннан кейін 5 күндік мерзімде Тапсырыс берушіге хабарлап, жұмысты тоқтатуға міндетті.

      Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың орындылығы мен бағыттары туралы мәселені қарауға міндетті.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      6.1. Шартта көзделген міндеттер орындалмаған жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жауап береді.

      6.2. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Орындаушы ұсынатын қызметтерге байланысты Шартқа ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      6.3. Көрсетілген уақытта жұмыс орындалмаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне мерзімі кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін Шарттың жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

7. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

      7.1. Орындаушының тарапынан осы Шартта көзделмеген бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Шарт кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, Орындаушы Тапсырыс берушіден осындай негіздер бойынша осы Шарттың бұзылуына байланысты шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

      7.2. Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты араларында туындайтын барлық келіспеушілік пен дауларды тікелей келіссөздер барысында шешу үшін барлық күшін салуы тиіс.

      7.3. Егер осындай келіссөздер жүргізу басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, кез келген тарап бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

8. БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

      8.1. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады.

      8.2. Осы Шарт үш данада жасалды. Үш дананың барлығы бірдей және бірдей күші бар.

      8.3. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама хат, жеделхат, факс немесе электрондық пошта арқылы жіберіліп, кейін түпнұсқасы ұсынылады.

      8.4. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, Орындаушы Шартта көзделген мерзімде қызмет көрсете алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Шарттың аясында өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірместен, мерзім өткен әрбір күн үшін Шарт бағасының 0,1%-ы мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы ретінде Шарт бағасынан ұстап қала алады.

      8.5. Осы Шарт Тараптармен қол қойылғаннан кейін бұдан әрі аумақтық қазынашылық органында тіркеумен күшіне енеді және 201_____ жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

      8.6. Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" дегеніміз Орындаушының бақылауына бағынбайтын, Орындаушының қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес алдын ала болжауға болмайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға соғыс қимылдары, табиғат және стихиялық апаттар, оба, карантин және Қызметтерді көрсетуге эмбарго сияқты, бірақ олармен шектелмейтін іс-қимылдар жатуы мүмкін.

      8.7. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Орындаушы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жолдауы тиіс. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен өзге жазбаша нұсқаулар түспесе, Орындаушы орындалуына қарай Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайларға қатысы жоқ балама тәсілдерін іздейді.

9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Тапсырыс беруші:


Орындаушы:

_______________
(қолы)
мөр орны


_______________
(қолы)
мөр орны

      201___ "____" __________ №______ ШАРТ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛГЕН № _____ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ

      201___ жылғы "____" __________ 

      Біз, төменде қол қоюшылар, Тапсырыс беруші атынан _______________________, ___________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________ бір тараптан және орындаушы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін бірінші басшы _____________________________________________________________________________ екінші тараптан, осы Акт арқылы 201___ жылғы "____" __________ №______ Шартқа сәйкес 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу" Бюджеттік бағдарламасы бойынша, Тапсырыс беруші мынадай көрсетілген қызметтерді қабылдағанын растаймыз: а) б) в)

      Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) құны _______________________________________________________________________ Сомасы санмен және жазбаша, валюта атауы.

      Барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда. Жұмыстар (көрсетілген қызметтер) сапалы орындалған және шарттың талаптарын қанағаттандырады. Тараптардың бір-біріне наразылығы жоқ.

      Мөр орны ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      Мөр орны ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады